Алматылық дәрігер Юрий Шумковтың өліміне қатысты іс сотқа жолданды

555

Белгілі дәрігер Юрий Шумковтың өліміне қатысты іс сотқа берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алматылық дәрігер Юрий Шумковтың өліміне қатысты іс сотқа жолданды Фото: instagram/gastro.kz

"Аталған іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Әзірге сот отырысы белгіленген жоқ. Істі қарайтын күн туралы қосымша хабарланады", - деп атап өтті қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, биылғы 4 сәуірде Алматыда дәрігер емделуші пациентінің қолынан қаза тапты. Оны күдікті аңшы мылтығымен атып тастаған. Аса ауыр қылмыс қаланың Бостандық ауданында болған. Күдікті қалада енгізілген арнайы жоспар барысында Алатау ауданы аумағында ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу