Алматылық дәрігерлер 68 жастағы зейнеткердің көзіне күрделі ота жасады

562

Операция оңтүстік астанадағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада жасалды. 

Алматылық дәрігерлер 68 жастағы зейнеткердің көзіне күрделі ота жасады Фото: gov.kz

Алматылық дәрігерлер 68 жастағы зейнеткердің көзіне күрделі ота жасап, көру қабілетін қалпына келтірді, деп жазады inbusiness.kz  Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, пациенттің екінші көзі мүлде көрмей қалған. Яғни, оң жақ көз IV деңгейлі глаукома – зағиптық кезеңге өтіп кеткен. Мамандар әжейдің жасы, жоғарғы қан қысымы сынды қосымша сырқаттарына қарамастан күрделі ота жасау туралы шешім қабылдады.

"Асқынған катарактаға ота жасалып, көзге жасанды қарашық орнатылды. Операция жарты сағатқа созылды. Бұл пациентті катарактадан арылтып, көру қабілетін қалпына келтірудің жалғыз жолы болатын... Мұндай күрделі операция пациент үшін ғана емес, хирург үшін де қауіпті болды. Офтальмолог дәрігерлердің біліктілігінің арқасында ота сәтті өтті", - деді бөлімше меңгерушісі Гүлзат Әбдірайымова.

Маманның айтуынша, бүгінгі таңда пациенттің көзі жақсы көреді.

Айта кету керек, Орталық қалалық клиникалық аурухана республика халқына жоспарлы офтальмологиялық көмек көрсететін Алматыдағы жалғыз қалалық аурухана. 9 ай ішінде МӘМС аясында 600-ге жуық ота жасалған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу