Алматы қаласының №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында алғаш рет қол саусағын реплантациялау бойынша күрделі операция жасалды. 9 жасар балаға көшеде жарақат алғаны салдарынан кесілген 5-ші саусаққа ота жасалып, тігілді.
Шұғыл операцияны травматология бөлімінің меңгерушісі Ерлан Садырбалин микрохирургтер Сергеймен Косарев және Александр Смолянкин бірлесіп орындады. Саусақты аман алып қалу мүмкіндігі өте төмен болды.
"Екі профильді мамандардың бір уақытта қатысуы, олардың жедел және үйлесімді жұмысының арқасында үзілген саусақты қалпына келтіру бойынша ең күрделі операцияны сәтті орындау мүмкін болды. Мұндай операцияларды Қазақстанда санаулы мамандар орындай алады. №2 БҚКА дәрігерлерінің бірегей тәжірибесі мен біліктілігі жоғары. Операция үздіксіз шамамен 5 сағатқа созылды. Бұл өте ауыр жұмыс", – деп жазылған хабарламада.
Дәрігерлер саусақты сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Олар тіндер мен тамырларды операциялық микроскоппен тігіп, зақымдалған саусақ артерияларын, өте кішкентай диаметрлі жүйке талшықтарын біріктірді, жалғанған саусақта сүйек, сіңірлер, тамырлар және қан айналымы қалпына келтірілді.
"Мұндай операцияны жүргізу үшін заманауи микрохирургиялық техника қажет: микроскоп, микрохирургиялық құралдар және өте жұқа тігіс материалы қажет, оны жай көзбен көру қиын, мұның бәрі бізде 2-ші балалар ауруханасында бар. Бізге диаметрі 1.2 мм болатын тамырларды тігуге тура келді. Мұндай операцияларды тиісті дайындықсыз, жабдықтарсыз, құралдарсыз және шығын материалдарынсыз жүргізу мүмкін емес", - деді №2 БҚКА травматология бөлімінің меңгерушісі Ерлан Садырбалин.
Кәсіби түрде орындалған реплантация ықтимал тәуекелдерді болдырмауға, қолдың зақымдалған бөлігінің қозғалғыштығын, сезімталдығын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 8 күн ішінде бала стационарлық ем қабылдады, саусақ толығымен тамыр алды. Баланың ата-анасы операцияның нәтижесін нағыз ғажайып деп бағалап, мамандарға шексіз ризашылық білдірді.