Алматылық дәрігерлер денесінің 94%-ын күйік шалған науқасты аман алып қалды

Науқас ауруханада 53 күн болған соң үйіне оралды. 

Алматылық дәрігерлер денесінің 94%-ын күйік шалған науқасты аман алып қалды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

30 наурызда денесін күйік шалған науқас Алматының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізді. Ол шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды, реаниматологтар Антонның өмірі үшін 20 күн күресті.

"30 наурызда көлігімнің аккумуляторы отырып қалды, аккумуляторды оталдыра бастағанымда өрт шығып, үстімдегі киімімнің бәрі дерлік өртке оранды. Ауыр күйіктер болды, қаншама операцияны бастан өткердім. Екі айға жуық дәрігерлер менің өмірім үшін күресті, бүгін мен қалыпты өмірге орала аламын - жүре аламын, өзімді күте аламын", - дейді Антон.

Науқас мамандандырылған күйік бөлімінде бір айдан астам уақыт жатты, күйік хирургтары оған бір мезгілде аутодермопластикамен некрэктомия отасын жасады. Басқаша айтқанда, олар денесіндегі күйік қабыршағын алып тастап, бүтін терімен жамады.

"Бұл бірегей жағдай деп атар едім - бас, бет, мойын, дене, аяқ-қолдың 94%-ының I-II-IIIa-IIIб дәрежесіндегі термиялық күйігі. Қазіргі уақытта науқас қалпына келу сатысында", - деді Алматы қаласының төртінші қалалық ауруханасының дәрігер-комбустиологы Диас Дәулетбеков.

Антон құтқарушыларына алғыс білдіріп, олардың есімдерін жариялауды сұрайды:

№4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің емдеу бөлімі бойынша орынбасары – Биконуров Нұржан Омарұлы;

Жансақтау бөлімінің меңгерушісі – Дәулетбеков Жандос Шымыртайұлы;

№4 қалалық клиникалық аурухананың күйік бөлімінің меңгерушісі - Әлменов Елдос Әділханұлы;

Комбустиолог – Андрей Федотов;

Комбустиолог – Дәулетбаев Диас Ермұханбетұлы;

Клиниканың орта және кіші медициналық персоналы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу