Алматы қала Төртінші қалалық аурухананың травматолог-ортопедтері ауыр кемістікті: туа біткен ортан жіліктің шығуы мен жамбас буынының 4-дәрежелі туа біткен дисплазиясын түзету үшін бірегей әрі күрделі операция жасады.
27 жыл бойы жас жігіт диагнозына байланысты қиналған, ол үшін жүру қиынға соқты, өйткені бір аяғы екіншісінен 7 см қысқа болды. Бұл бүкіл тірек-қимыл жүйесіне ауыр жүктеме. Науқастың айтуынша, ол кемістік кесірінен өзін кем сезініп, бұл оның жеке өміріне кері әсерін тигізген. Дегенмен табандылық пен жеңіске деген сенім оны жасытпады, жігіт медициналық білім алып, Тараз қаласындағы клиникаларының бірінде мейіргер болып істейді, сонда No4 қалалық клиникалық аурухана ортопед дәрігерлері туралы біледі.
"Сол аяққа ота жасадық, енді бірер айдан кейін екінші жамбас буынына ота жасаймыз, содан кейін науқасымыз жүріп, ақсақтықтан құтылады. Бес жасында оған "шығып кеткен буынды салу" операциясы жасалған, түзету остеотомиясы да қолданылды, бірақ бұл көмектеспеді. Науқас бізге консультацияға келгенде, біз оған операция жасауды ұсындық. Ол көптеген жерге көрініп, ем іздеген. Оның патологиясымен тек No4 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері айналысатындықтан, оны бізге жіберді. Операция жасалған сол аяқ 5-7 см қысқа, 4-дәрежелі дисплазия, проксимальды сан сүйегінің вальгусты деформациясы. Біз мұндай жағдайға жылына 25-30-ға жуық осындай ота жасаймыз", – дейді No4 қалалық клиникалық аурухананың эндопротездеу бөлімінің меңгерушісі Манарбек Әубәкіров.
Операцияны ортопед-травматолог Жайдарман Оразхан жасады. Дәрігердің айтуынша, науқас бір жыл ойланып, Төртінші қалалық ауруханаға ота жасау үшін қайтып келген. Ортопедия және травматология саласындағы мұндай бірегей жағдайға куә болу үшін Ресейдің Қорған қаласынан Академик Г.А.Илизаров атындағы Ұлттық медициналық травматология және ортопедия орталығының өкілі Андрей Каминский келді. Қазақстандық және ресейлік дәрігерлердің бірлескен операциясы 4 сағатқа созылды.
"Алматыдағы No4 аурухананың хирургтарымен бірге бір операцияға қатыстым. Операция шынымен де өте күрделі болды және мұндай операцияны таңдау үшін дәрігерлердің сәйкес кәсібилігі, білімі мен тәжірибесі қажет. Бұл аурухана үшін аталған хирургиялық араласу бірегей нәрсе емес және дәрігерлер керемет кәсібилік көрсетті, араласу бірнеше остеотомияны қажет ететініне қарамастан, олар өте әдемі, мұқият, іс жүзінде қан жоғалтпай жұмыс істеді. Эндопротез мінсіз орнатылды. Мен керемет хирургиялық араласуға қатыса алдым деп есептеймін және мұны көргеніме, осы аурухана көрсеткен деңгейге өте ризамын", - деп атап өтті РФ ДСМ "Академик Г.А.Илизаров атындағы Ұлттық медициналық травматология және ортопедия орталығы" бас дәрігерінің өңірлермен байланыс және білім беру жөніндегі орынбасары Андрей Каминский.