Алматылық дәрігерлер коронавирусқа қатысты жаңа челлендж бастады

1221

Бұған дейін Ақмола облысының жастары коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында "Менің подъезім – менің денсаулығым" челленджін бастаған болатын.  

Алматылық дәрігерлер коронавирусқа қатысты жаңа челлендж бастады

Алматылық дәрігерлер "Сіз үшін жұмыста қалдым, сіз мен үшін үйде болыңыз" флешмобын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұндай флешмобтың ұйымдастырылғаны туралы блогер Полина Шиманская Instagram парақшасына жазды.

"Нұр-Сұлтанда қалай екенін білмеймін, Алматыда медициналық қызметшілердің 80%-ы қала сыртында тұрады және жұмыс маңынан пәтер жалдауға жалақылары жетпейді. Оларға шынымен жұмыс орнында өмір сүрулеріне тура келетін сияқты. Түсіністікпен қарайық", – дейді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу