Алматылық дәрігерлер көзіне металл кірген науқастың жанарын сақтап қалды

517

Көлік жөндеу барысында 62 жастағы ер азаматтың оң жақ көзіне металл сынығы түскен.  

Алматылық дәрігерлер көзіне металл кірген науқастың жанарын сақтап қалды Фото: Орталық қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі

Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен көзге жоғары технологиялық операциялар жасайды. Биыл жыл басынан бері офтальмология бөлімшесінде 450-ге жуық операция жасалған.

"Металл сынығы көздің барлық қабатынан өтіп, көз орбитасының ішіне, жанардың жүйке тамырлары орналасқан тұсына қадалған. Ота барысында металл алынып, жарақаттың салдарынан болатын менингит пен сепсистің алдын алдық. Күрделі ота 3 сағатқа созылды. Жалпы мұндай ота асқан шеберлікті, зергерге тән дәлдікті талап етеді. Өйткені операция барысында көздегі шыны әйнектің пішініне титтей де зақым келмеуге тиіс", - дейді офтальмология бөлімшесі меңгерушісі Гүлзат Әбдірайымова.

Жоғары технологиялар мен білікті мамандар пациенттің көз жанарын сақтап қалды.

Қазір емделушінің жағдайы жақсы, көру қабілеті қалпына келді.

"Бірақ науқас алдағы уақытта көз дәрігерлерінің бақылауында болуы керек", -деді мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу