Алматылық дәрігерлер өздігімен жүре алмай қалған науқастың жамбас буындарына эндопротездеу операциясын жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 55 жастағы науқас жамбас сүйегі аймағындағы ауырсыну, жүріп-тұруының қиындауы мен бір аяғының 10 см-ге қысқа болуына байланысты Орталық қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылған.
"Науқас жамбас мойнының ескі сынуының салдарынан оң аяғының 10 см-ге қысқаруынан зардап шекті. Уақытылы хирургиялық араласудың болмауы салдарынан аяқ уақыт өте келе қысқарып, науқастың өмір сүру сапасын едәуір нашарлатып, созылмалы ауырсынуды тудырды және қозғалысты шектеді", - дейді травматолог Дәулет Чукманов.
Дәрігердің сөзінше, операция 1,5 сағатқа созылды.
"Ота сәтті өтті, науқас қалпына келу процесін бастады. Аяқтың ұзаруы және эндопротезді орнату оның қозғалғыштығы мен өмір сүру сапасын едәуір жақсартты және қалыпты физикалық белсенділікке оралуға және созылмалы ауырсынудан арылуға мүмкіндік берді", - деп атап өтті Дәулет Чукманов.