Алматылық дәрігерлер науқастың өтінен 5 499 тас алып шықты

151

Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында ерекше жағдай орын алды.  

Алматылық дәрігерлер науқастың өтінен 5 499 тас алып шықты Фото: Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Бұл отандық медицина тарихында өте сирек кездесетін жағдайдың бірі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тас санының мұншалықты көп болуы хирургтардың өзін таңғалдырды.

- Бұл, шынымен, бірегей жағдай – өт қабынан 5 500-ге таяу тас алынды. 20 жылдық тәжірибемде мен мұндайды бірінші рет көріп тұрмын,  деді ОКҚА бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары Фараби Стамқұлов.

Ер адам ОККА-ға шұғыл түрде оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, жүрек айну, әлсіздік және сырқаттану шағымдарымен түсті.

УДЗ-да тексергенде өт қабында тас бары анықталды. Науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия жасалды, бұл хирургтар күнделікті жасайтын стандартты процедура.

Анестезиолог пен хирургтардың үйлесімді әрекетінің арқасында ота сәтті өтті. Науқас наркоздан асқынусыз шықты және тұрақты күйде үйге шығарылды.

Дәрігер Фараби Стамқұловтың айтуынша, өт тас ауруы – "тыныш" патология, ол жылдар бойы білінбеуі мүмкін. Бірақ уақтылы емделмеген жағдайда қатерлі ісік, панкреонекроз, іріңдеуші холангит, жыланкөз және басқа да ауыр зардапқа әкелуі мүмкін.

Кейде симптомдар болмашы көрінуі мүмкін, бірақ емді кешіктіру қымбатқа түсіп, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

- Қарапайым УДЗ және уақтылы хирургиялық емдеу денсаулықты, кейде өмірді аман алып қалады",  деп еске салады дәрігер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу