Алматылық еріктілер 1,5 мыңнан астам отбасына көмек көрсетті

697

"Мектепке жол" акциясын жүзеге асыру үшін "Еріктілер корпусы" жобасы аясында,  МК Jas Otan-ның  50-ден астам еріктілері оқып, даярлықтан өтті.

Алматылық еріктілер 1,5 мыңнан астам отбасына көмек көрсетті

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Jas Otan жастар қанатының Алматы қалалық филиалының жетекшісі Мәди Ахметов мәлімдеді.

Алматыда партия мүшелері "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсетуде. 

"Бір жарым мыңнан астам алматылық отбасыға планшеттер, кеңсе тауарлары бар рюкзактар, веб-камералар және тағы басқалар беріледі. Партия мүшелері  қайырымдылыққа бөлінген  ақшаның көп бөлігін оқушыларға компьютерлік техника сатып алуға жұмсады. Планшеттер, Ноутбуктер, веб-камералар. Алматылық жасотандықтар барлық сақтық шараларын сақтай отырып,  байланыссыз заттардың  жеткізілуін қамтамасыз етеді", – деп атап өтті М.Ахметов. 

Акцияны жүзеге асыру үшін "Еріктілер корпусы" жобасы аясында,  МК Jas Otan-ның  50-ден астам еріктілері оқып, даярлықтан өтті.

Сонымен қатар, Алматылық жасотандықтар қала әкімдігінің білім Басқармасымен бірлесіп, 15 қыркүйекке дейін мұқтаж отбасылардың балаларына планшеттер мен ноутбуктерді жеткізуге көмектесетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу