Алматылық иммунолог ревакцинацияның адам ағзасына әсерін түсіндірді

1123

Маманның айтуынша, алты айдан кейін екпе алған адам ағзасында антиденелер деңгейі төмендейді. 

Алматылық иммунолог ревакцинацияның адам ағзасына әсерін түсіндірді

Ревакцинация иммунитетті күшейтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Эльмира Битанова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ревакцинацияның маңызы – халықтың ұжымдық иммунитетін қалыптастыру. Иммундық жауаптың өзіндік заңдылықтары бар. Ревакцинациядан кейін иммунитет күшті болады", – деген иммунолог қала тұрғындарын тұмауға және коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды.

"Бақылау нәтижелері COVID-19 вакциналарының қорғаныс әсері төмендеуі мүмкін екенін көрсетеді. Сондықтан әдістемелік ұсыныстар жаңа штамдардан жеткілікті қорғаныс үшін ревакцинацияны көрсетеді. Вакциналар иммундық реакцияны күшейту үшін жасалады. Иммундық жүйе жаттығады, вакциналар оған тренажер болып саналады", – деді Эльмира Битанова. 

Маманның сөзінше вакцинация мен ревакцинациядан кейін иммунитет індеттен сауыққаннан кейінгіге қарағанда қарағанда жақсырақ болады. Сондықтан бұл жағдайда антиденелердің титріне назар аударудың қажеті жоқ екен. 

"Бұл қауіпті инфекция, онымен ойнауға болмайды. Үдеткіш вакцина сияқты құрал болғандықтан, оны алу керек", – деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу