Финалда алаңға алматылық "Қайрат" пен ақтөбелік "Рахмет" клубтары шықты.
Бірінші болып "Рахметтен" Айсұлтан Жолдыбаев командасын алға шығарса, "Қайраттан" Біржан Оразов таразы басын теңестірді.
Екінші таймда алматылықтар Альберт Ақбалықов пен Кайо Сезар мергендігімен көзге түскенімен, ақтөбеліктер Азамат Арыстанов пен Әлішер Сәрсенбаев та қарап қалмады.
Сөйтіп негізгі уақыт 3:3 есебімен тең аяқталды.
Бес минуттан қосымша екі таймда "Қайраттың" көшбасшысы Дуглас екі рет қақпаны дәл көздеп, командасына жеңіс әперді – 5:3.
Осылайша, Рикардо Каканың шәкірттері ел кубогін ұтып алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу