Алматылық кәсіпкер "Туған жер" бағдарламасы аясында мектепке спорт алаңын сыйлады

796

Алматылық кәсіпкер "Туған жер" бағдарламасы аясында мектепке спорт алаңын сыйлады

Алматылық кәсіпкер Күләш Байсейітова атындағы дарынды балалардың республикалық орта арнайы музыкалық мектеп-интернатында қайырымдылық аясында спорт кешенін салып берді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Тәуелсіздік жылдары Қазақстан бизнесі айтарлықтай нығайды, соның арқасында бүгінгі күні нақты әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыра алады. Президенттің "Туған жер" бағдарламасына қолдау білдіре отырып, біз мектепке жаңа спорт алаңын сыйлауды ұйғардық. Өйткені, денсаулығы мықты ұлт жастардан қалыптасады. Оқушылар бұдан былай тек шығармашылық конкурстарда ғана емес, спорттық додаларда да жеңіске жетсін", – дейді кәсіпкер Ерболат Қасымов.

Оқу орнының директоры Оңдасын Абдуллаев күніне 5 сағат дайындалатын балаларға денешынықтырумен айналысудың өте маңызды әрі спорттың берер пайдасы мол екенін айтады.

Жаңа спорт кешені европалық стандартпен салынған, мұнда футбол және баскетбол алаңдары бар. Австриядан әкелінген арнайы төсеніш, озық дренажды жүйе, жарық көздері кез келген уақытта және түрлі ауа райына қарамастан спортпен айналысуға кең мүмкіндік береді. Жобаның құны 29 млн теңге.

Дарынды балалардың Күләш Байсейітова атындағы республикалық орта арнайы музыкалық мектеп-интернаты 1948 жылы ашылған болатын. Мектептің оқу корпусы 480 оқушыға арналған, мектеп жанындағы интернатта 110 оқушы тұрады, балаларға 187 педагог дәріс береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу