Алматылық кәсіпкерлер оқушыларға, студенттерге, Алматы қаласының мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларына "ЕХРО-2017" көрмесіне 1000 билет сыйламақ. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
"Билеттер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына, сондай-ақ ғылыми жұмыстармен белсенді түрде айналысатын оқушылар мен студенттерге беріледі. Бұдан басқа, "Жыл мұғалімдері" мен ғылыми жобаларға жетекшілік ететін оқытушылар көрмені тегін тамашалауға мүмкіндік алады", - деді Алматы қаласы бойынша "Астана Экспо-2017" жедел штабының басшысы Самғат Ермекбаев. Оның айтуынша, меценаттар "Астана Экспо-2017" көрмесінің Алматыдағы штабына оқушылар үшін 200 билет, мұғалімдер үшін 300 билет, студенттік жастар мен ЖОО оқытушылары үшін 500 билет сатып алу туралы өтініш білдірген.
Айта кету керек, бір билеттің құны 4 000 теңге.