Алматының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қоғамдық тамақтану қауымдастығы бірлесіп, әлеуметтік мекемелер қызметкерлеріне, әскерилер мен полицейлерге ыстық тамақ жеткізді, деп жазды Inbusiness.kz.
"Үш күннің ішінде қалалық және модульдік ауруханалар, жедел жәрдем станциялары, перзентханалар, өрт сөндіру қызметі, балалар үйлері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің госпитальдары, Алматы қаласының аудандық ішкі істер басқармасындағы 5,9 мың адамға ыстық тамақтың жеткізілді. Бүгін, 10 қаңтарда еріктілер соңғы 270 порцияны жеткізеді", – деп жазылған палата таратқан хабарламада.
Айта кететіні, 7 қаңтарда Алматы қаласы өңірлік кәсіпкерлер кеңесі мүшелерінің бастамасымен тамақтану желілері мың адамға ыстық тамақ жеткізген.
"Алматы өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері еріктілер қатарына қосылып, нан, су тасыды, қауіпсіз болмаса да, ауруханалар, госпитальдар, балалар үйлеріндегі бекетттерге ыстық тамақ жеткізді. Сонымен қатар SMALL супермаркеті қызметкерлеріне және адамдарға жәрдемдесу үшін азық-түлікті арзан бағамен сатып алуға көмектескен "Барыс" базарына алғыс білдіреміз", – деді ҚР Қоғамдық тамақтану қауымдастығы төрағасының кеңесшісі Вероника Нұрпейісова.
Құралай Құдайберген