Алматылық кәсіпкерлерге 3 727 сервистік қызмет көрсетілді

812

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бизнес иелеріне тегін кеңес береді. 

Алматылық кәсіпкерлерге 3 727 сервистік қызмет көрсетілді

Алматы қаласының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бизнес иелеріне сервистік қолдау көрсету аясында жыл басынан бері 3 727, тамыз айында 962 рет тегін қызмет көрсеткен. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы қаласында "Бизнестің жол картасы 2025" мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағыты шеңберінде "жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдау" бөлімі бойынша бизнеске тегін қызмет көрсету үшін аталмыш орталық жұмыс істейді. Бұған қоса  services.atameken.kz электронды порталы да қолжетімді.

Онда кәсіпкерлер келесі қызмет түрлеріне қол жеткізе алады:
- бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептерді жасауға байланысты қызметтер;
- заң қызметін көрсету;
- маркетинг мәселелері бойынша қызметтер;
- Мемлекеттік сатып алу, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуымен байланысты қызметтер;
- отандық тауар өндірушіге өндірілетін өнімді өткізуге жәрдемдесу бойынша кеңес беру қызметтері;
- электрондық-цифрлық қызметтерді ұсыну бойынша консультациялық қызметтер.

Бүгінгі таңда Алматы қаласының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында сервистік қолдау бойынша 29 менеджер-кеңесші жұмыс жасайды.

"2020 жылдың 3 қыркүйегіндегі жағдай бойынша олар 2 954 тұтынушыға 3 182 офлайн, 411 тұтынушыға 545 онлайн қызмет көрсетті", – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Әскербек Насамбаев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу