Алматыда есірткі қылмыстарын ашуға көмектескен жергілікті тұрғын салтанатты түрде марапатталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Марапатталған ер адам курьер болып жұмыс істейтіні белгілі болды.
"Ол ұсынған маңызды ақпарат арқылы есірткі қылмыстары мен құқық бұзушылықтарына қатысты бірнеше іс әшкереленді", – деп мәлімдеді Полиция департаменті.
Сонымен қатар Алматы қалалық Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері курьерге iPhone 17 смартфоны мен 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табыстады.
Қауіпсіздік мақсатында курьердің аты-жөні құпия сақталып, оның бет-әлпеті көрсетілген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу