Алматылық құтқарушылар туристерді әзірге тауға шықпауға шақырды

517

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті туристерді тауға барудан бас тартуға кеңес берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматылық құтқарушылар туристерді әзірге тауға шықпауға шақырды Фото: inbusiness.kz

Алматы қалалық ТЖД "Қазгидрометтің" дауылды ескертулері негізінде 8- 12 сәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты, қар көшкіні қауіпі сақталатынын хабарлады.

"Сондай-ақ, 8 сәуірде тауларда қатты жауын шашын, батыстан екпіні секундына 17-22 метр жел соғады. Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шығудан және тауға барудан бас тартқан дұрыс", - деп хабарлады ведомствода.

Сондай-ақ ведомствода егер тауда көмек қажет болған жағдайда 112, 109 немесе 8 (727) 372 -15-60 ( "ҚР ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағы "ММ кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) қызметтеріне қоңырау шалу қажет екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу