Алматылық қымыз жобасы Нью-Йоркте алтын жүлде жеңіп алды

548

SAF Qymyz жобасы DIELINE Awards 2026 байқауында үздік қаптама дизайны атанды.  

Алматылық қымыз жобасы Нью-Йоркте алтын жүлде жеңіп алды Фото: Almaty_akimdigi Telegram

Алматыдағы JAS.BRANDS әзірлеген SAF Qymyz жобасы Нью-Йоркте өткен DIELINE Awards 2026 халықаралық сыйлығының алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба алкогольсіз және әлсіз алкогольді сусындардың тұжырымдамалық дизайны санатында үздік деп танылып, әлемнің түкпір-түкпірінен ұсынылған 1500-ден астам жұмысты басып озды. Марапаттау рәсімі 6 мамыр күні LUXE PACK көрмесі аясында өтті.

SAF Qymyz – дәстүрлі қымызды заманауи үлгіде ұсынған жоба. Оның дизайны қазақтың кесесінен шабыт алып жасалған. Авторлар алюминий құтысын минималистік стильде әзірлеген. Ал "SAF" атауы қазақ тіліндегі "саф", яғни "таза" деген мағынаны білдіреді.

DIELINE Awards қаптама дизайны саласындағы әлемдегі беделді сыйлықтардың бірі саналады. Жоба жеңісі қазақстандық креатив индустриясының халықаралық деңгейде мойындалып жатқанын көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу