Алматылық мас күйде көлік ұрлап, адам өліміне әкелген жол апатына ұшырады

1104

Оқиға көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. 

Алматылық мас күйде көлік ұрлап, адам өліміне әкелген жол апатына ұшырады

Алматыдағы Хмельницкий мен Гете көшелерінің қиылысында Toyota Land Cruiser Prado мен Jeep Grand Cherokee соқтығысқан, деп жазды inbusiness.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"17 наурыз "102" пультіне Toyota Land Cruiser Prado көлігінің ұрланғаны туралы ақпарат келіп түсті. Көліктің иесі оның Сейфуллин даңғылының бойында тұрғанын хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды. Ол 20 жастағы А. есімді шаһар тұрғыны болып шықты. Камералардан ұрланған көліктің үлкен жылдамдықпен қозғалғандығы анық көрінеді", – деп жазылған хабарламада.

Апат салдарынан Grand Cherokee көлігінің 19 жастағы жолаушысы ауруханада көз жұмған. 

"Ал жүргізуші әлі ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. Toyotа жүргізушісі жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кетті. Анықталғандай, ол мас болған", – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов. 

Қылмыстық іс бірден Қылмыстық кодекстің үш бабы ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі, ҚР ҚК-нің 347-бабы және ҚР ҚК-нің 200-бабы 3-бөлігі бойынша тергелуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталған азамат бұрын екі рет істі болған.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу