Алматылық меценаттар мен волонтерлер "Халық алғысы" медалімен марапатталды

683

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық Biz Birgemiz акциясына қатысқан волонтерлердің COVID-19 таралуына қарсы күреске қосқан зор үлесін атап өтті.

Алматылық меценаттар мен волонтерлер "Халық алғысы" медалімен марапатталды

Республикалық Biz Birgemiz онлайн-форумының барысында COVID-19-бен  күресте ерекше белсенділік танытқандардың еңбектері аталып өтті, олардың арасында дәрігерлер, полиция қызметкерлері, волонтерлар мен журналистер бар, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық Biz Birgemiz акциясына қатысқан волонтерлардың COVID-19 таралуына қарсы күреске қосқан зор үлестерін атап өтті. Елбасының және жеке өзінің атынан алғысын білдірді.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев атап өткендей, төтенше жағдай режимі кезінде барша қазақстандықтардың көмегі айтарлықтай маңызды болды.

"Үнемі қолдау мен көмек беруге дайын тұратын  алматылықтар алғашқы күннен-ақ қоғамдық жұмыстарға белсене кірісіп кетті. Олардың әрқайсысының және мыңдаған қала тұрғындарының ортақ іске қосқан үлестеріне баға жетпейді", – деп жазды қала әкімі.

Б. Сағынтаев өзінің сөзінде ТЖ режимі кезінде  жүгізілген пәрменді шаралардың коронавирустың жаппай таралуына тосқауыл болғанын қадап тұрып айтты. Қала тұрғындарының берілген ұсыныстарды дер кезінде қабылдап, өздерін оқшаулағандары   арқасында жағдай түзелді.

"Әрине, қала тұрғындарының табиғат аясында кездесіп, өзара сырласуды, көшелер мен скверлерде серуендеуді сағынып қалғандарын жақсы түсінемін. Өйткені, бұл – өмір. Бірақ, көзге көрінбейтін жау – пандемия біздің өмірімізге түзетулер мен өзгерістер енгізуде. Сондықтан мен алматылықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің барлық талаптарын мүлтіксіз орындуға шақырамын. Ол барынша қарапайым, яғни өзімізді,  жақындарымызды, достарымызды, әріптестерімізді, тіпті айналамыздағыларды індетті жұқтыру қаупінен сақтайық және барынша абай болайық", - деп жазды  Б. Сағынтаев және қала тұрғындарын барынша сақ болуға шақырды.

Алматы әкімі коронавируспен күресте алдыңғы шепте болып, індеттің соққысына қарсы тұра білген медицина қызметкерлерінің, полиция қызметкерлерінің жұмысын атап өтті. Б. Сағынтаев осынау ортақ іске өз үлестерін қосып, қалалықтарға қолдау білдірген меценаттарға, сонымен қатар мұқтаж жандарға азық-түлік өнімдерін жеткізген волонтерларға алғысын білдірді.

Індетке қарсы күресте ерекше көзше түскендер "Халық алғысы" медалімен және Елбасының Алғыс хаттарымен  марапатталды. Олардың арасында Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері  Жақсылық Үшкемпіров, Бостандық ауданының ӨҚ МПС бөлімінің бастығы Жандос Тасманов, дәрігер-инфекционист Тамара Утаганова, меценат Михаил Ломтадзе, Өз бетімен өмір сүру үйінің меңгерушісі Өміржан Әбілқасымов, "Қазақстанның медициналық жастары" РҚБ жетекшісі Жәнібек Солтанай, ҚБТУ жанындағы Қазақстан теңіз академиясының студенті Диана Тоқтарқызы, "Алматы ақшамы" газетінің тілшісі Әсел Дағжан бар.

Сондай-ақ, "Қазақстан Еріктілер лигасы" ҚҚ-ның Алматы қаласы бойынша жетекшісі Бағдат Анарбаева, Jas Otan МК Алматы қалалық филиалының белсенділері Бибінұр Шербаева, Медет Бекбергенов, Жандос Тәліпов, Әсем Таймұратова, кәсіпкер Бахит Гасанов атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу