Алматылық оқушы Дана Қадырбек әлемдегі ең үздік өнертапқыштың қатарына енді

133

11-сынып оқушысы ауадан ауыз су алу бойынша әзірлемелерді БҰҰ-ға ұсынды.   

Алматылық оқушы Дана Қадырбек әлемдегі ең үздік өнертапқыштың қатарына енді Фото: gov.kz

Алматылық оқушы Дана Қадырбек Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Дана халықаралық байқаулардың жүлдегері атанып, Сеулде өткен WICO Дүниежүзілік Жастар ғылыми олимпиадасының алтын медалін жеңіп алған еді.

Қазақстанда да оның жобасы қолдау тапты: өнертабысты құрылғыны пилоттық енгізу туралы меморандумға қол қойылды, сондай-ақ Дана Алматы әкімінің сыйлығымен марапатталды.

Оның жетістіктері гимназия тарихына жазылды және жақын арада елдің шөлді аймақтарындағы сумен жабдықтау жүйесін өзгертуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу