Ол туған өлкенің тарихын зерттеуге арналған бірегей қосымша ойлап тапты.
Смартфонға қосымшаны жүктесеңіз болғаны, бағдарлама көше немесе аялдамаға жақындаған кезде автоматты түрде нысан туралы пайдалы, танымдық тарихи ақпарат береді.
Автордың пікірінше, бұл қаланы жақсы білгісі келетіндерге таптырмас мүмкіндік әрі жас буынның тарихқа деген қызығушылығын арттырады.
"Мен әзірлеген мобильді қосымшаны пайдаланушы көшені кесіп өткен сәтте көшеге қатысты немесе сол жердегі нысандар туралы ақпарат береді. Жобаның мақсаты – оқушыларға ел тарихын күнделікті өмірде зерттеуге көмектесу. Тарихты білу өте маңызды деп санаймын!", - деді Тимур Қырбасов.
Мобильді қосымшаны Google Play және App Store арқылы жүктеп алуға болады.
Бұл Алматы мен туған өлкенің тарихын зерттеуді насихаттайтын жалғыз идея емес. Ол қоғамдық көлікте аялдаманы хабарлағанда оған қысқаша тарихи ақпаратты қосуды ұсынады.
Тимур қазірдің өзінде үш авторлық құқықтың иесі. Соңғы үш жылда ол халықаралық және республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңіске жетті. 2023 жылы "Жыл оқушысы" атанды.