Оқиғаға кезінде ауысымынан үйіне қайтып келе жатқан жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Жеңіс Әбдірахманов бірден көмектесуге асығады, inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, ең бірінші орында – ғимаратта адамдардың жоқ екеніне көз жеткізу болды.
"Түтінді көріп, жағдайдың күрделі екенін түсіндім. Алдымен ішінде адамдардың бар-жоғын тексеріп, ешкім зардап шекпегеніне көз жеткіздім. Содан кейін жақын маңнан саты тауып, қою түтін шыққан шатыр бөлігін аштым. Астынан от ошағы анықталды. Қолда бар құралдармен жалынды сөндіріп үлгердім, кейін оқиға орнына өрт сөндірушілер келді", − деді Ж.Әбдірахманов.
Полицейдің батыл әрекетінің арқасында өрттің кеңінен таралуы мен адам шығынының алдын алу мүмкін болды. Өрт бастапқы кезеңде оқшауланды. Жеңіс Әбдірахманов бұл – әрбір саналы азаматтың жасауы тиіс ісі деп санайды.
"Мен тек дұрыс деп санаған әрекетті жасадым. Мұндай сәттерде қызметте екенің маңызды емес. Егер көмектесе алсаң, қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік болса – әрекет ету керек. Менің орнымда кез келген азамат солай істер еді деп ойлаймын", − деді ол.