Алматылық полицейлер адам саудасының 7 дерегінің алдын алды

609

Алматы қаласының криминалдық полициясы жыл басынан бері адам саудасының 7 дерегінің жолын кескен, деп жазады Inbusiness.kz сайты.  

Алматылық полицейлер адам саудасының 7 дерегінің алдын алды

"Тек биылғы жылдың басынан бері біздің бөлімшенің қызметкерлері адам саудасына қатысты жеті қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, бес дерек – жезөкшелікпен айналысуға арналған үйді ұйымдастыру және ұстау, кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тартудың бір дерегі және жаңа туған сәбиді сатуға оқталу. Қазіргі уақытта аталған эпизодтар бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Кінәлілер жасаған әрекеттері үшін заң аясында қатаң жауап беретін болады", – деді Алматы қаласы Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Руслан Смағұлов.

Руслан Смағұлов кез келген тұрғын адам саудасының құрбанына айналуы мүмкін екендігін айтады. Соның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен сәбилердің қорғалмағанын да атап өтті.

Еске сала кетейік, 30 шілде – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні. Атаулы күн аясында полиция қызметкерлері мен “Родник” қоғамдық қорының өкілдері Көші-қон қызметі орталығында “Мен адам саудасына қарсымын” науқанын жүргізіп,  ақпараттық материалдар таратты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу