Алматылық полицейлер алаяққа алданған

877

"Блогер" өзі сұратқан 300 долларды алып жатқан кезде тұтқындалды.

Алматылық полицейлер алаяққа алданған

Алматыда 34 жастағы Б.есімді ер адам өзін патрульдік полиция қызметкерлеріне блогер ретінде таныстырып, олардан ақша бопсалаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ол желіде бейнежазба орналастырмауға уәде беріп, ақша бопсалаумен айналысқан. Сомасы 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі аралықта. Мұны жүргізілген жедел және арнайы іс-шаралар растайды. Күдіктіні қамауға алу қаланың Әуезов ауданында өтті. Ол өзі сұратқан 300 долларды алып жатқан кезде тұтқындалды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді және ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді. Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды. Факті бойынша тергеу амалдарын ПД Тергеу басқармасы жүргізуде", – деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу