Алматылық полицейлер кәсіпкерлерді заңсыз жауапқа тартқан

446

Алматы полицейлерінің кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз жауапқа тартқаны белгілі болды.  

Алматылық полицейлер кәсіпкерлерді заңсыз жауапқа тартқан Фото: qazaqstan.tv

Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасының мобильді тобы хабарлады деп жазады inbusiness.kz.

Алмалы ауданының жергілікті полиция қызметкерлерінің бизнес субъектілерін заңсыз әкімшілік жауапқа тарту фактілері анықталды.

Прокуратураның мәліметінше, біррқатар кәсіпкерлер ҚР ӘҚБК-нің 505-бабы бойынша өз аумағында қар жинап, сақтағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған.

Дегенмен Алматы қаласының аумағын абаттандыру ережесінің 88-тармағына сәйкес, аула аумақтарынан және кварталшілік өтпе жолдардан күрелген қарды, жаяу жүргіншілердің еркін жүруіне және автокөліктің қозғалысына кедергі келтірмейтін орында жинауға рұқсат етіледі.

"Аталған фактілер бойынша прокуратура дереу материалдарды зерттеп, кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік материалдар бойынша прокурорлық акт келтірді", – деп хабарлады Алматы прокуратурасы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу