Алматылық полицейлер өз өзіне қол салмақ болған азаматты құтқарып қалды

445

Ер адам төрт қабатты үйдің шатырында өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Алматылық полицейлер өз өзіне қол салмақ болған азаматты құтқарып қалды Фото: Polisia.kz

Алматының патрульдік полиция қызметкерлері өз өзіне қол салмақ болған азаматты құтқарып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Наурызбай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне белгісіз ер адам төрт қабатты үйдің шатырында өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Құрамында полиция қызметкерлері Сембібай Ерген мен Өмірбек Нұрлан бар Буран-263 патрульдік экипажы бірнеше минуттан кейін оқиға орнында болды.

Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын мас күйінде әйелімен жанжалдасып қалған, сол себепті ол алдымен өзін пышақпен кеспек болған. Дегенмен, қаннан қорыққан ол, қараусыз қалған ғимаратқа барып, шатырға шығып, секірмек болған. 

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жақын маңдағы ауруханаға алып кетті. 

Іс материалдары жергілікті учаскелік инспекторға тапсырылды, ол бірінші кезекте ер адамның отбасылық-тұрмыстық жағдайын тексеріп, өзін-өзі өлтіруге итермелеген мән-жайларды анықтайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу