Алматылық прокурорлар 3 айда 500 миллион теңге алимент өндірді

Қасақана төлемеген 13 адамға қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.  

Алматылық прокурорлар 3 айда 500 миллион теңге алимент өндірді Фото: yur.kz

Оның 3-еуі нақты жазалау шараларымен сотталса, қалғанына сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бір мезгілде прокуратураның бастамасы бойынша 107 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның 95-і 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынып отыр.

– Сонымен қатар, балалардың пайдасына жалпы құны 32 млн теңге болатын 8 мүлік объектісі (жер учаскелері, тұрғын үйлер және автокөлік) берілді.

Мысалы, борышкерлердің бірі берешекті өтеу есебінен өндіріп алушыға құны 7,5 млн теңге болатын жер учаскесін берді.

Қабылданған шаралар ата-ана міндеттерін орындаудан әдейі жалтарған адамдар үшін жауапкершіліктің сөзсіз болуының тұрақты тәжірибесін қалыптастырады, – делінген Бас прокуратура таратқан ақпаратта.

Алимент міндеттемелері әлеуметтік маңызы бар және балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғауға тікелей әсер ететіні айдан анық. Алимент төлеуден жалтарудың әрбір фактісі заңда белгіленген тәртіппен қаралатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу