Алматылық шенеунік 30 млн теңге айыппұл арқалады

516

Бұдан бөлек ол белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Алматылық шенеунік 30 млн теңге айыппұл арқалады Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласы Медеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бұрынғы бастығы сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Kozachkov offside Telegram арнасының мәліметінше, шенеунік 1 желтоқсан күні Медеу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы қызметіне кіріскен. 

“1 наурызда ол жаңа смартфонға ақша жинасын деген мақсатпен әкімдіктің штаттан тыс қызметкерін гүл сатушыларға жіберді. Шенеунік әкімдіктің 8 наурыз қарсаңында гүл сатуға кедергі жасамайтынына уәде берген. Осы жылдың сәуір айында ол кәсіпкерден, Алматының асханаларының бірінің иесінен пара алды деген болжам бар”, - делінген хабарламада.

Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шенеунікке және басқа адамдарға қатысты қылмыстық іс пара алу және алаяқтық деректері бойынша сотқа жіберілгенін мәлімдеді.

Антикордың мәліметінше, Медеу ауданының № 2 сотының үкімімен шенеунік белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды әрі оған 30 миллион теңге сомасында айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу