Алматылық шенеуніктер тұрғындарға жылы киінуге кеңес берді

1135

Алматы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қар мен көктайғаққа байланысты оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматылық шенеуніктер тұрғындарға жылы киінуге кеңес берді Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы ақпаратынша, 23 ақпанда сағат 20.30-да қалада қар жауа бастады, ол 25 ақпанға қараған түнге дейін жалғасады деп күтіледі. Ауа температурасы күндіз -3...-5, түнде -10...-12 градусқа жетеді деп күтіледі.

Түнгі уақытта көктайғақ жағдайларының алдын алу мақсатында 168 құмсепкіштің көмегімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілді.

Күндізгі уақытта қар тазалау жұмыстарына барлығы 483 арнайы техника мен 1175 жол қызметкері жұмылдырылған.

"Көктайғақ болжамына, жолдарда қардың көбеюіне және тротуарлардағы көктайғаққа байланысты көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды сұраймыз, үсік шалудың алдын алу үшін жылы киіну қажет", - делінген хабарда.

Жүргізушілерге жылдамдықты азайтуға, көліктер арасындағы қашықтықты алшақтатуға, кенеттен маневр жасаудан аулақ болуға кеңес берілді. Сондай-ақ жүргізу тәжірибесі аз адамдарға қоғамдық көлікке ауысу ұсынылды.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, сағат 16.00-ден 25 ақпанға қараған түнге дейін кей жерлерде 1-2 см-ге дейін қар жаууы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу