Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов лицензия алған спортшылардың есімін жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"Алматылық спортшылар скандинавиялық комбинация мен фристайл акробатикадан 5 лицензияны жеңіп алды. Бұл тізімге Шыңғыс Ракпаров, Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмурзаева кіреді", - деді Р. Байсейітов.
Оның айтуынша конькимен жүгіру, шаңғы трамплині, әйелдер хоккейі, мәнерлеп сырғанау және тау шаңғысы бойынша тағы 8 лицензия алу жоспарланған.
Қазір лицензия алған спортшылар Қысқы Олимпиада ойындарына дайындалуда.
Айта кетейік, жалпы Алматы қаласының штатты командасында 117 спортшы бар.
"Алматы қаласының құрама командалары – күрделі республикалық жарыстардың, Қазақстан халықтарының спартакиадасының, 2021 жылғы жазғы жасөспірімдер ойындарының жасөспірімдер арасындағы қысқы ойындарының чемпионы", - дейді Спорт басқармасының басшысы.