Алматылық студенттердің жеке деректеріне қатысты дау: сотқа дейінгі тексеру басталды

653

Алматы прокуратурасының нұсқауымен дербес деректерді тарату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.    

Алматылық студенттердің жеке деректеріне қатысты дау: сотқа дейінгі тексеру басталды Фото: IStock

"14 ақпан күні Бостандық ауданының Полиция басқармасымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің медициналық құпияны құрайтын жеке деректер мен мәліметтерді тарату фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы (жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді", - деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы белді оқу орындарының бірі "пәк" студенттердің тізімін жариялап жібергенін жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу