Алматылық үлескер құрылыс компаниясынан 10,5 млн теңге өндіріп алды

229

Бұл туралы Жоғарғы сот хабарлады.  

Алматылық үлескер құрылыс компаниясынан 10,5 млн теңге өндіріп алды Фото: gov.kz

Алматы тұрғыны сатып алған баспанасына уақытында қоныстана алмағаны үшін құрылыс компаниясынан 10,5 млн теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жоғарғы соттың мәліметінше, алматылық тұрғын 2021 жылы құрылыс компаниясымен пәтер, коммерциялық мақсаттағы үй-жай және автотұрақ сатып алу үшін үш алдын ала келісімшарт жасасқан. Сатып алушы олардың құнын толық төлеген.

Құрылыс компаниясы нысанды салып бітіп, негізгі сатып алу-сату келісімшарттарын 2023 жылдың соңына дейін жасасуға міндеттенген. Алайда нысан тек 2024 жылдың қазан айында пайдалануға берілген.

Осыған байланысты сатып алушы нысанды пайдалануға беру және негізгі келісімшарттарды жасау мерзімдерінің бұзылғанын айтып, құрылыс компаниясынан тұрақсыздық айыбын өндіруді талап еткен. Алайда бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар оның талабын қанағаттандырмаған.

Істі қараған Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот төменгі соттардың шешімімен келіспеді. Сот негізгі келісімшарттың кейін жасалуы құрылыс компаниясын оған дейін жіберілген міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.

Нәтижесінде бірінші және апелляциялық соттардың актілері жойылып, құрылыс компаниясынан 10,5 млн теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы жаңа шешім шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу