Алматылық жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне 97,5 млн теңге қарыз

Алматы қаласының еңбек инспекторлары 45,3 млн теңге қарызы үшін 321 заңды тұлғаны жауапкершілікке тартты. 

Алматылық жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне 97,5 млн теңге қарыз Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Еңбек инспекциясының басшысы Еркінбек Әмірғалиев мәлімдеді.

"Жыл басынан бері азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында жоспардан тыс 522 тексеру жүргізілді. Осы тексерулер барысында еңбек заңнамасы нормаларын бұзған 783 жұмыс беруші анықталып, заң бұзушылықтарды жою туралы 387 ұйғарым шығарылды. Жеке және заңды тұлғалардың 3 903 өтініші қаралды, бұл азаматтар мен ұйымдардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша белсенділігінің жоғары екендігін көрсетеді", - деді Еркінбек Әмірғалиев.

Спикердің мәліметінше, 285-тен астам кәсіпорында 708,7 млн теңгеге жалақы бойынша берешек өтелді, бұл 1 231 қызметкердің еңбек құқығын қорғауға мүмкіндік берді. Алайда, екі кәсіпорында 182 қызметкер алдында 97,5 млн теңге сомасында берешек қалып отыр.

"Қала кәсіпорындарында жасалған 27 698 ұжымдық шарттың мониторингі мен тіркелуі жүзеге асырылды.  Жыл басынан бастап 155 ұжымдық шарт жасалды", - деп толықтырды  спикер.

Кәсіпорындарда түсіндіру жұмыстары барысында еңбек инспекторларымен 2 064 адамның қатысуымен 132 кездесу өткізілді.  Сонымен қатар, 673 азаматқа еңбек құқықтарына қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу