Ақша айырбастау пункттері арқылы сатылған ақшалардың көлемі артып келеді деп хабарлайды 7kun.kz.
Ranking.kz-нің мәліметінше, 2017 жылдың қаңтар-қазан аралығында сатылған доллар көлемі 25,7 пайызға (1,8 млрд доллар) артып, 8,8 млрд долларды құрады. АҚШ долларының бағамы орташа 324,6 теңгені көрсетсе, бір жыл бұрын бір долларды 343,3 теңгеден сатып алған.
2016 жылмен салыстырғанда Қазақстанның барлық аймағында доллардың сатылым көлемі артқан. Алматыда сатып алу көлемі 26,9 пайызға өсіп, 4,0 млрд АҚШ долларын құрады. Ал Астана қаласында 10 ішінде 1,1 млрд сатып алынған. 992,5 млн доллармен үшінші орында ОҚО тұр. Оңтүстік Қазақстан облысындағы сатылым көлемі 39,8 пайызға артқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу