Бұл акция ҚР премьер-министр Асқар Маминнің бастамасымен қолға алынған жалпыреспубликалық #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясының жалғасы болмақ.
27 шілдеде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Көкжайлау шатқалын тазарту бойынша #TazaAlmaty экологиялық челлендждің алғашқы кезеңін бастайды.
Шараға қатысушылар ұзындығы 5 шақырым болатын шатқалға соқпақ жолмен көтеріледі. Жол бойындағы қоқыстар жиналады.
Жалпы қаланы қамтитын #TazaAlmaty акция аясында аудандардың ластанған аумақтары тазаратын болады.
Экологиялық акцияға ниет білдірген барлық қалалықтар қатысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу