Алматылықтар электр энергиясы үшін енді көбірек ақы төлейді

741

Қазақстанда энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың (ЭҚҰ) тарифтері әр тұтынушы тобы үшін әртүрлі. Жеке тұлғалар үшін олар төмен, заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар электр энергиясы үшін көп төлейді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматылықтар электр энергиясы үшін енді көбірек ақы төлейді

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазіргі жағдайда ШОБ субъектілері жыл сайын электр энергиясы үшін шамамен 31 млрд теңге артық төлейтінін мәлім етті. Сондықтан бірнеше жылдың ішінде Қазақстанда тарифті кезең-кезеңімен өзгерту жоспарлануда.

Мәселен, алматылықтар үшін электр энергиясының құны тұтынылатын энергия көлеміне қарай орта есеппен 200-300 теңгеге қымбаттайды. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тариф өзгермейді. Яғни, айырмашылықты мемлекет атаулы көмек арқылы субсидиялайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу