Алматылықтар электр қуаты өшіп қалған аумақтарды онлайн көре алады

1004

Энергетиктер қала тұрғындарына электр қуаты өшіп қалған аумақтарды онлайн көруге болатын картаны ұсынды.   

Алматылықтар электр қуаты өшіп қалған аумақтарды онлайн көре алады

Енді алматылықтар үйде, жұмыста, қоғамдық және басқа да орындарда электр жарығы болмаған жағдайда смартфон, компьютер, планшет және интернетке қосылған басқа да құрылғы арқылы қалалық электр желілеріндегі төтенше жағдайлар туралы жылдам біле алады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Электрмен жабдықтау қызметіне уақытша шектеулер енгізу туралы халыққа қолжетімді жедел деректерге электрмен жабдықтау үзілген аумақ, оның өшірілген және қалпына келтірілген уақыты, сондай-ақ байланыс орталығының телефондары кіреді. Кезекші операторлар нақты жағдайға қатысты толық ақпарат береді. Алматы энергетиктері енгізген жаңа жоба тұрғындарға жедел қызметтерге уақыт жоғалтпай, электрмен жабдықтаудағы үзілістер туралы өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Бұл диспетчерлердің жұмыс көлемін күрт азайтып, олардың назарын төтенше жағдайлардың салдарын жоюға аударады.  

"Жобаны Қазақстан Президентінің цифрландыру және кейбір жұмыстарды автоматтандырудың жаңа технологияларын енгізу туралы жолдауын, сондай-ақ халықтың хабардарлығын арттыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде "АЖК" АҚ бағдарламашылары әзірлеп, жүзеге асырды", – деді компанияда. 

Электр энергиясын беруге уақытша шектеулердің интерактивті картасы "Алатау Жарық" компаниясының сайтында "апатты өшірулер" бөлімінде орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу