Алматылықтар енді автовокзалдан бірден метроға түсіп кете алады

1027

Чех сәулетшілері тартылған метро құрылысын салуға 100-ден астам маман еңбек етуде

Алматылықтар енді автовокзалдан бірден метроға түсіп кете алады

Алматыда метроның жаңадан қосылатын екі стансасы және "Батыс" автовокзалының жобасы көрсетілді. Бұл – әзірге техникалық-экономикалық негіздемесі. Ерекшелігі – автовокзалға кірген соң, метроға түсу үшін сыртқа шығудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жерасты көлігі автовокзалдың тура астында орналасады. Қазір құрылысқа қажет жер телімдері анықталып жатыр. Жобаны әзірлеуге отандық және чехиялық сәулетшілер тартылған. 

Жалпы, метро құрылысында 100-ден астам маман еңбек етуде. Бұдан бөлек, ЛРТ желісін іске қосу да жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу