Алматылықтар енді көлік тұрағын іздемейді

1740

Алматы көлік тұрақтарында бейне-сараптама жүйесі жұмыс істей бастады. 

Алматылықтар енді көлік тұрағын іздемейді

Қазіргі кезде бейне-сараптама жүйесі тест режимінде мегаполистің екі ірі көшесінің қиылысында жұмыс істеп тұр.  Егер жоба сәтті жүзеге асса, қаланың өзге де көшелері осы құрылғымен жабдықталмақ. 

"Сурет арқылы көлік тұрағындағы бос орынды анықтауға негізделген бағдарлама жасалды. Қазіргі кезде ол Назарбаев пен Сәтпаев көшелерінің қиылысындағы 30 орындық тұраққа орнатылды",– делінген "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ баспасөз қызметі хабарламасында.

Енді көлік иелеріне ұзақ уақыт тұрақ іздеудің қажеті жоқ. Бейнекамералар барлығын сіз үшін сараптап, тұрақтағы бос орындар туралы сізге алдын ала ақпарат береді. 

"Статистика бойынша еліміздің ірі қалаларында көлік қоятын жер іздеу 20%-дан 40 %-ға дейін көлік кептелісін тудырады. Сәйкесінше бос орындарды алдын ала білу мұндай жағдайларды болдырмайды",– делінген хабарламада. 

Жүйенің берген мәліметі бойынша, 2018 жылдың 1 тамызы мен 2019 жылдың 20 шілдесі аралығында орта есеппен әр көлік 28 минут тұрып, олардың 12-сі тұрақ ережесін бұзған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу