Алматылықтар ертең жер сілкінісі кезінде не істеу керектігін үйренеді

1899

Алматыда 3 қазан күні сағат 12.55-те жоспарлы жалпықалалық сейсможаттығу өтеді.

Алматылықтар ертең жер сілкінісі кезінде не істеу керектігін үйренеді

Алматы халқы ертең дерлік сейсможаттығуға қатысады. Сағат 12.55-те жоспарлы жалпықалалық сейсможаттығу өтеді, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жаттығудың бірінші кезеңінде Электросирендерді қосу арқылы халық "Барлығыңыздың назарларыңызға!" бірыңғай дабылы бойынша хабардар етіліп, телеарналар мен радиохабарлар автоматты түрде өшіріледі. "Дармен" мобильді қосымшасын жүктеген смартфон қолданушыларға сөздік хабарлама жіберіледі. Айта кетерлігі, Алматыға жақын орналасқан сейсмодатчиктер арқылы бірегей функционал автоматты режимде жердің сілкінуі туралы push-ескерту жібереді.

Екінші кезеңде практикалық оқу Алатау ауданындағы № 180 орта мектептің аумағында өтеді. Мұнда құтқарушылардың іс-қимылы көрсетіледі, үйрету тренингтері өтеді, "Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет" видеоойыны ұсынылады. Сондай-ақ, "Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам" тақырыбындағы көрнекі құралдар таратылады.

Мектептерде, ауруханалар мен емханаларда шартты түрде зардап шеккендерді қабылдайтын пункттер ашылады.

Айта кетсек, жалпықалалық сейсможаттығу жыл сайын халықты жер сілкінген кезде жасайтын іс-қимылдарға дайындау мақсатында өтеді. ҚР БҒМ-нің сейсмология Институтының ұзақ мерзімді болжауы бойынша, қала аумағында 7 және одан жоғары балдағы интенсивті жер сілкінісі болмайды.

Осыған орай, қаланың ТЖД Алматы тұрғындары мен қонақтарынан сейсможаттығу өткізуге белсенді түде қатысуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу