Алматылықтар Ержан Максимді қарсы алады

1076

Польшада өткен "Junior Eurovision-2019" ән байқауында бақ сынаған қазақстандық Ержан Максим екінші орын алған болатын.    

Алматылықтар Ержан Максимді қарсы алады

26 қараша күні түнде Ержан Максим Алматыға ұшып келеді – деп  хабарлайды әншінің фан-клубының Инстаграм парақшасы.

"Достар! Бүгін түнгі 02:45-те Алматы әуежайына Ержан Максиммен бірге қазақстандық делегация ұшып келеді. Жеңімпазымызды құшақ жая күтіп алайық. Барлығыңызды әуежайда күтеміз", – деп жазды әншінің фан-клубының Инстаграм парақшасында.

Мәдениет және спорт министрлігі жас әншінің дәл сол уақытта ұшып келетінін растап отыр.

Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ержан Максимді ән байқауындағы жүлдесімен құттықтағаны хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу