Алматылықтар газға қосылу үшін пайызсыз несие ала алады

1194

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев халықпен есептік кездесуінде тұрғындардың газбен қамту туралы сұрақтарына жауап берді.

Алматылықтар газға қосылу үшін пайызсыз несие ала алады Фото: almaty.gov.kz

Бақытжан Сағынтаев газбен жылыту және үйішілік жабдықтарға қосылу үшін мегаполис тұрғындарының Халық банктен 0%-бен несие ала алатындығын хабарлады.

Несиені өсімпұлсыз 1 жылға рәсімдеуге болады.

"Қазіргі уақытта несие беру мерзімі қарастырылуда. Сондай-ақ, Халық банкінің аз қамтылған азаматтарды газға және газбен жылыту үшін үйішілік жабдықтарға өтеусіз негізде субсидиялауы мәселесі қарастырылды",– дейді ол.

Жалпы, қала бойынша жеке сектордағы 2912 үй газдандырылмаған күйінде қалып отыр. Оның ішінде 1791 үй желіге қол жеткізе алса, 1121 үйдің қосылу мүмкіндігі жоқ.

Айта кетсек, 2019 жылдың екінші жартыжылдығында 3000-нан астам жеке үй газдандырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу