Алматы қаласы әкімдігі Coursera платформасында онлайн оқыту бойынша жобаға тегін қатысуға өтінім беру мерзімі 2020 жылдың қазан айының соңына дейін ұзартылғанын хабарлайды. Барлығы 5000 алматылық білім беру курстарынан тегін өте алады.
Тіркелгеннен кейін қала тұрғындары платформаның білім беру бағыттары бойынша 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін тегін оқуға мүмкіндік алады.
Coursera курстарынан өту үшін міндетті түрде аты-жөнін, қызмет түрін және электрондық мекен-жайын көрсетіп, almaty.coursera@mail.kz-ке өтініш жіберу керек.
Бұдан кейін электрондық мекенжайға шақыру туралы хабарлама келеді. Тіркелгеннен кейін сайтта ұсынылған кез-келген курстарды таңдауға болады. Атап айтсақ, IT, қолданбалы және гуманитарлық ғылымдар, экономика, медицина, менеджмент, маркетинг және басқа да бағыттар бар.
Жауап өтініш берген сәттен бастап 5 күн ішінде келеді. Егер тегін оқу алған адам жеке кабинетін екі аптадан астам уақыт бойы пайдаланбаса, шақырту жойылады.