Алматылықтар МӘМС шеңберінде 37 млрд теңгенің қызметін пайдаланды

663

Сақтандырылған тұрғындар карантин кезінде 556,9 млн теңгеге ПТР-тест тапсырды.  

Алматылықтар МӘМС шеңберінде 37 млрд теңгенің қызметін пайдаланды

Биылғы жылдың 9 айында Медициналық сақтандыру қоры оңтүстік астана тұрғындары үшін МӘМС пакеті шеңберінде көрсетілген қызметтер үшін 37 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифингте "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады. 

Филиал басшысының сөзінше, оның басым бөлігі – 19,4 млрд теңгеcі стационарда көрсетілген медициналық қызметтерге тиесілі. 

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген алғашқы 9 айда көрсетілген медқызмет көлемінің артқанын аңғаруға болады. Бағасы қымбат анализдер, халықтың қалтасы көтере бермейтін диагностика мен операция түрлері жыл басынан бері сақтандыру есебінен көрсетіліп жатыр", – деп атап өтті Тілеухан Әбілдаев.

Карантин кезінде сақтандырылған алматылықтар бағасы қымбат медициналық қызметтерді жиі пайдалануға мүмкіндік алды. Қаржының 6,5 млрд теңгесі халық тарапынан үлкен сұранысқа ие болып отырған консультативтік-диагностикалық қызмет түрлеріне төленді. Мәселен, өткен 9 айда 30 265 КТ және МРТ қызметі көрсетілген. Оған 391,5 млн теңге төленді. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 5,5 есе көп. Сондай-ақ, сақтандырылған тұрғындар карантин кезінде 556,9 млн теңгеге ПТР-тест тапсырды. 

 5,9 млрд теңгеден астам қаражат жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын медициналық қызметтерге, 2,2 млрд тенге стационарды алмастыратын көмекке жұмсалған. 

Қалған қаражат профилактикалық тексерулерге, медициналық оңалту және қалпына келтіруге бағытталған шаралар үшін төленді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу