Алматылықтар Медициналық сақтандыру қорына 139 млрд теңге жарна аударды

612

Ал жеке кәсіпкерлер қорға 41,2 млрд теңге бағыттаған. 

Алматылықтар Медициналық сақтандыру қорына 139 млрд теңге жарна аударды

МӘМС жүйесі енгізілген уақыттан бастап Медициналық сақтандыру қорына 753,4 млрд теңге түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жарна көлемі жағынан жинақталған соманың бестен бір бөлігі оңтүстік астанаға тиесілі. Жалпы, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 31 тамызына дейінгі аралықта Алматы қаласынан 139 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 97,8 млрд теңгеден астамы – жұмыс берушілердің жасаған аударымдары. Қалған 41,2 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндердің жарнасы.

Филиал директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін бірыңғай жиынтық төлем төлеу тиімдірек. Қазіргі таңда қала тұрғындары үшін БЖТ көлемі 2917 теңгеге тең, оның 40%-ы немесе 1166 теңгесі МӘМС жарнасына жұмсалады. 2019 жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған 202 мыңнан астам адам 524,6 млн теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлем төлеген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу