Алматы әкімінің Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде осыған қатысты сұрақ қойылды.
"Мопед жүргізушілері жаяу жүргіншілер жолымен жүреді. Олдан жолдың жиегіне шығуды сұраймыз, бірақ олар өтініштерімізге бағынбайды. Енді қайтпек керек?", - деп шағымданды оңтүстік астана тұрғындарының бірі.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша мәселе тек заңнама аясында шешіледі, ал оған уақыт керек.
"Электросамокаттарға қатысты ереже бекітілген. Заң қабылданды, күшіне енді. Бізде мопедтерге, электромопедтерге және қозғалтқышы 50 текше метрге дейінгі көліктерге қатысты өзгерістердің келесі пакеті бар. Заңнама қабылданған кезде полицияға мүмкіндік туады. Ал Арбат арқылы өтуге біз өзіміз тыйым салдық. Ара-тұра түнде ережені бұзатындар бар. Содан кейін оларға айыппұл салынады. Олар негізінен азық-түлік жеткізушілері", – деді Досаев.