Алматылықтар Наурыз мейрамын ерекше атап өтеді

1312

Алматылықтар Наурыз мейрамын ерекше атап өтеді

Алматыда Наурыз мейрамы қала әкімдігінің ұйымдастыруымен "Астана" алаңы мен Атлетикалық ауылда тойланады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

22 наурыз күні "Астана" алаңына киіз үйлер тігіліп, Наурыз тақырыбына арналған инсталляциялар орнатылады. "Мерекеде "Мүшел" атты театрландырылған көрініс көрсетіліп, қазақтың көнеден келе жатқан  салт-дәстүріндегі "Самалық", "Түлік жыры" сияқты ән-жырлар орындалады. Мерекелік қойылым өтетін алаң біртұтас сахналық кеңістік принципімен безендіріледі. Барлық мерекелік іс-шаралар, ән-би, театрландырылған қойылым ҚБТУ ғимаратының алдына жиналған жұртшылықтың барлығы бірдей көре алатын сахнада өтеді", - делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.

 Ал Атлеттер қалашығындағы мерекелік қойылым өтетін алаң тұтастай жаңа қонысқа қонған қазақ ауылын елестетеді. Алаңның кіреберісіне ежелгі үлгідегі қақпа орнатылып, оның екі жақ шетіне көне күйме үстіне тігілген 2 киіз үй қойылады. Мереке өтетін алаңға "шамдал", "қос", "көне сауда арбалары", "таңбалы тастар", "тарих тегершігі" атты инсталляциялар және ұлттық нышандағы әртүрлі мүсіндер қойылады.

Ұлыстың ұлы күні мерекесінде Рамазан Стамғазиев, Нұржан Жанпейісов, Тілеулес Құрманғалиев, Еркін Шүкіман, Айгүл Қосанова сынды қазақтың айтулы әншілері, Н. Тілендиев атындағы "Отырар сазы" фольклорлық-этнографиялық оркестрі, "Қоңыр", "МузАрт", "Алашұлы"  топтары, Айқын, Әли Оқапов, Мөлдір Әуелбекова, Маржан Арапбаева сияқты танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу