Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезінді

218

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезінді Фото: Pixabay.com /r-express.ru

Алматы қаласында екі балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 20 маусым Алматы уақытымен 16 сағат 36 мин жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстіке қарай 335 км жерде) орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласы 2 балл, - делінген хабарламада.

Ведомство атап өткендей, зардап шеккендер мен қирағандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу